29
апрель
2024
Бүгінгі күннің батыры
Бүгінгі күннің батыры десек артық болмас, дүйсенбілік жиынымызға Сарқан ауданының Төтенше жағдай қызметкерінің қызметкерлері арнайы келіп 7"В" сынып оқушысы Виношкин Владиславты барша ұстаз және оқушылар ортасында ерлігімен мақтап құрмет дипломымен мараппаттап сый құрмет көрсетті. Атап айтқанда Виношкин В. сабақтан қайтып бара жатқан кезде, қала тұрғындарының бірінің үйінде түтін шығып жатқанын байқап, тез арада қорықпай үйге кіріп, газ балондарын шығарады, қүжаттарын алуды ескертіп, өрт шыққанда жүктерін шығаруға көмектескенін айтып мақтады. Осындай баланы тәрбиелеп отырған апасы Виношкина Н. ерекше алғыс айтып ықыластарын білдірді. Әрине сынып жетекшісімен мектептің әкімшілігіне баланың осындай жағдайда алғашқы көмек көрсетуді және біліммен бірге қосымша тәрбие беріп отырғанына Владиславтың болашағы зор болуына тілек білдірді.