Наурыз-Ұлыстың ұлы күні 2024 жыл
Наурыз мейрамы – ежелден келе жатқан ең көне мейрамдардың бірі. Наурыз-көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз болғандықтан осындай мақсатта, наурыз мерекесі қарсаңында дастархан жаю, көже тарату. Ұлттық ойын асық ату, Ерлер және әйелдер арасында қол күрес спорттық жарыстар өтті.