19
март
2024
"Қазақша сөйлейік" атты тіл үйрену клубы
Н.Островский атындағы мектеп-лицейінде өзге ұлт өкілдеріне арналған "Қазақша сөйлейік" атты тіл үйрену клубы өз жұмысын жалғастыруда. 19 наурыз күні жоспарға сәйкес "Көктем ерекшеліктері"атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар өздернің жасап келген үй жұмыстарымен бөлісті. Сабақ барысында оқушылар жатқа өлең оқып, ән шырқап өнерлерін көрсетті. Құстарды қорғау мақсатында оқушылар құстарға арналған әртүрлі қолда бар нәрселерден ұя жасап әкелді. "Сиқырлы кубик" ойынында оқушылар жуан және жіңішке сұрақтарға жауап берді. "Полиглот" ойынында мақалда түсіп қалған сөздерді тауып оны қазақша,орысша,ағылшын тілдерінде аудармасын айтты. "Көгершіннен хат" ойынында оқушылар тұтқиылдан келген сұрақтарға жауап беріп өз белсенділіктерін көрсете білді. "Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ" екеніне тағы көз жеткіздік. Бүгінгі"Қазақша сөйлейік" атты ашық сабағымыз өз мақсатына қол жеткізді десек болады.Белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз.