14
сентябрь
2023
"Тілдің мерейі - елдің мерейі"
Қыркүйектің 5-і мен 14-і аралығында айлық жоспарға сәйкес Н.Островский атындағы гуманитарлық - эканомикалық мектеп лицейінде "Тілдің мерейі - елдің мерейі" атты әдеби кеш өтті. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. Мектеп-лицейіміздің оқушыларының ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. 6 - сынып оқушылары тіл туралы нақыл сөздерді нақышына келтіре жатқа айтып, 9 - сынып оқушылары "Ұлт ұстазы" А.Байтұрсынұлына арнап көрініс көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінен 5-7 сынып оқушылары қазақ ақын- жазушыларының өлеңдерін, мақал-мәтелдерді жатқа айтып өз өнерлерін ортаға салды. Әдеби кеш жоғары деңгейде өтті