01
март
2023
"Абайдың қара сөздері - тәрбие көзі"
Оқуға құштар мектеп аясында мектеп-лицейінде 21 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен
" Абайдың қара сөздері - тәрбие көзі" тақырыбында 5-7 сынып оқушыларымен қара сөздер байқауы өтті. Бұл байқауға оқушылар белсене қатысып, ұлы ғұламаның ғақлия сөздерін нақышына келтіре жатқа оқыды. Өзге ұлт өкілдерінің Абайдың қара сөздерін жете түсініп, мәнерлеп оқуы жан қуантарлық жағдай. Байқау соңында сөз алған тәрбие ісінің меңгерушісі С.А. Кабденова өз сөзінде оқушыларды мадақтап, ғұламаның нақыл сөздерімен безендірілген тәттілер табыстап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Ұлы Мұхтар: "Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім" деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек дәм татқан сияқтымыз. Сол себептен Абайды оқудан, білуге ұмтылудан, ізденуден жалықпайық!
Жауаптылар: Кабасова А.Е., Темірбекқызы М.