12
март
2023
"Қазақша сөйлейік" атты тіл үйрену клубы
Н. Островский атындағы мектеп -лицейінде өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді жетік меңгертуді мақсат еткен "Қазақша сөйлейік" атты тіл үйрену клубы өз жұмысын жалғастыруда. 1 наурыз күні жоспарға сәйкес "Туған күн кеші" тақырыбында кезекті ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ көктемде туған оқушыларды туған күнімен құттықтай отырып, оқушылардың қолдан жасаған құттықтау хаттарын, тәттілер табыстаудан басталды. Оқушылар ерекше ықыласпен "Құттықтаймын, мама, туған күніңмен" әнін шырқап, "Каркушаның сыйлығы" қуыршақ театрының қойылымын, "Түлкінің туған күні" атты сахналық көрініс қойды. Тақырыпқа сай ойын арқылы грамматикалық тапсырмалар орындап, алған білімдерін шыңдай түсті. Ашық сабаққа оқушылар ерекше көңіл-күймен қатысты. Мектеп әкімшілігі аталған іс-шараға қатысып, мектеп-лицейінің директоры Г.К. Бекова белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтып, клуб жұмысына болашаққа сәттілік тіледі.
[media=]