16
октябрь
2023
Қазан айындағы дүйсенбілік
Қазан айындағы дүйсенбілік бүгінгі жиын ерекше мақтанышпен өтті. Дәстүрге айналған ҚР.Ән ұраны шырқалды. Республика деңгейінде жасөспірімдер арасында қызыл белбеу ұтып Чемпион болған жігіттеріміз Бағжан мен Қайырбекті мектеп басшысы ыстық ықыласын білдіріп оқушыларымыз қошемет көпсетті. Кенгру олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Аудандық Мектеп лигасында футболдан обл.1-орынға шыққан мектеп-лицейінің командасы алғысқа бөленіп мақтау қағазымен марапатталды. Апта бойы кезекшілік атқарған сыныптар өз есебін берсе, өзін-өзі басқару ұйымы сыныптардың тәртіп дәптерінің қорытындысымен таныстырып өтті. Әрине апта сайын айтылатын көшеде жүру, мектептің ішкі тәртібі, сабаққа кешікпеу, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары бойынша кеңес айтылды. Әр сыныпқа Абай атамыздың 45-қара сөзі берілген тапсырмасының бүгінгі күні 10"б"сынып алғашқы күн талқылап қысқаша 7-қара сөзінің мазмұнын айтып өтті.