18
октябрь
2022
"Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы"
Ұлттық ойындар-ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Қазақтың ұлттық ойындары - бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдындағы өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Осыны ескере отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығында пән мұғалімдері ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында оқушылар арасында түрлі ойын түрлерін ұйымдастырды.
Белсене қатысқан әрбір оқушы ұлттық сандықтан, қоржыннан тәттілер алып, ризашылығын білдірді. Бұл ойындар әрбір үлкен қоңырауда апта соңына дейін ойнатылады.
Белсене қатысқан әрбір оқушы ұлттық сандықтан, қоржыннан тәттілер алып, ризашылығын білдірді. Бұл ойындар әрбір үлкен қоңырауда апта соңына дейін ойнатылады.