23
апрель
2025
23 сәуір "Ұлттық кітап" күні
23 сәуір "Ұлттық кітап" күніне орай Сарқан аудандық кітапханасында 22-сәуір күні «Туған жерге тағзым» атты кездесу кеші өтті.Іс-шара барысында,алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған,білім мен өнерді,адамгершілікпен адалдықты ,бойларына сіңіре білген,ұлттық қасиетке берік тұстарымен бөлісіп,жас ұрпақты кітап оқуға шақыра отырып, ақыл-кеңестерімен бөліскен,Сүгірбаева Есбала Байболатқызы,Смаханова Ұлжан Өзбеханқызының, интернатта кітапты таласып оқыған кездерін айтып,қызықты сәттерін жазып қоятындарын айтып, оқушыларға жақсы ой салып ,қазіргі таңда ,кітап таңдауға мүмкіндіктеріміздің мол екендігін еске салды.Оқушылардың жаттаған арнауларын тыңдап ,жақсы әсер алғандарын айтып ,ары қарай тоқтамай білім алуларына күш жігер бергендей шабыттандық.