17
ноябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп»
Мектепке кітап сыйла акциясы.
2022 жылдың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясына ата-аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бірнеше кітаптарды сыйға тартты. Атап айтқанда өзі 40-жыл өмірін ұстаздыққа арнаған және зейнеттік жасында тоқтап қалмай кітап жазып болашағымыз бұлыңғыр болмасын елін, жерін танысын -деп еңбек еткен шаңырағына кітап сыйлап отырған қарт ұстазымыз Есіркегенов Болатхан ағайымызға алғыс айтамыз.«Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға атсалысқан ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп түлектеріне зор алғыс білдіреміз.