"Күншуақ" атты жазғы демалыс лагері 2-ауысым » Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-34
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-12-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
июнь
2024

"Күншуақ" атты жазғы демалыс лагері 2-ауысым

17.06 күні Жазғы лагерде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында "Біз әдемі,бақытты баламыз!" тақырыбында спорт күні ұйымдастырылды. Балалар түрлі эстафеталық ойындар ойнап, нашақорлыққа қарсы суреттер салып, ол туралы бір-біріне түсіндірді. Балалардың ойларынан бақытты балалық шақты таңдайтындары күлімдеген көздерінен көрініп тұрды.
 
2-күн Жазғы алаң-2024ж
"Білім өмір азығы" атты қазақ тілі үйірмесінің ІІ маусымындағы "Жаттығу сәті. Жазғы демалыс" атты сабағында балалар әртүрлі жаттығулар жасап, бір -бірімен қазақ тілінде сөйлесіп тапсырмалар орындады.
Жазғы алаңның 3-күні оқушыларды керемет көңіл көтеретін әуенмен қарсы алды. Таңғы жаттығуды Ахамбаев А.А ағайларымен бірге жасады. БаймолдановаҰ А.Р "Ұлттық тағамдар" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сарқан қаласының керемет демалыс орны Қойтасқа барып ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Кордонская Н.А "Бес тас " ойынын ойнатты. Біз барған саябақта қоқыстар жатқандықтан біз таза Қазақстанды керемет әсем табиғатты қоғап қоқыс жинап, жәшікке тастадық. Бұл күн ойдағыдай керемет өтті.
Жазғы алаңның 5-күнін қара жорға биінен бастадық. Ұлттық ойындар ойналды асық ату, бес тас, арқан тарту.
Қазақтың ертегісі мақта қыз бен мысық ертегісін сомдадық. Бауырсақ ертегісін сомдадық. Әуенге би биледік. Оқушылардың жазғы демалысын ойдағыдай ұйымдастырылды. Барлық оқушы ұлттық киімде болды.

Жазғы алаңның 6-күнін мектеп психологтарының қызықты тренингінен басталды. Таңғы жаттығу жасалып балаларды орталық саябаққа демалуға апардық. Балалар батутқа секіріп, балмұздақ жеп қызықты ойындар ойнап қайтты.

Жазғы алаңның 7-күні таңғы жаттығудан басталды. Кордонская Н.А оқушылармен қызықты тақырыпта Эрудит өткізді. Кітапханашы Кузембаева А.М балалармен қызықты ойындар ұйымдастырды. Акимова Д .К балалармен Пейзаж тақырыбында қызықты топтық жұмыс жасады. Бұл күнде ойдағыдай өтті.

Жазғы алаңның 8-күні жаттығу жасаудан басталды. Досумбекова Э.С қоқысқа жаңа өмір сыйла бұйымдар жасады. Кордонская Н.А мен Магруфова Г.Т ойындар ойнатты. Сарқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкелерімен бірге қызықты эстофета ойындарын ойнадық. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Суреттер салды.

Жазғы алаңның 9-10 күні таңғы жаттығудан басталды. Кабасов Б.М ағайларымен бірге жасады. Тәрбиешілермен бірігіп "Тақия салмақ" ойынын ойнадық. Музыка пән мұғалімі Абиева Б. К бірге түрлі би билеп жаттығудар жасады. Түрлі суреттер салдық.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив