01
март
2023
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Осыған орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдеби - танымдық іс - шара өткізді. Мақсаты - әлем таныған ұлы жазушының шығармашылығымен таныстыру,өскелең ұрпаққа насихаттау. Бұл іс - шарада балалар кемеңгер жазушыға арналған қазақ ақындардың өлеңдерін оқыды, қойылым көрсетіп көрермендердің көңілінен шықты. Іс - шарада жазушының өмір баяны, шығармашылығы туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар тамашалай отырып, мол мағлұматтар алды.
Жауапты мұғалімдер : Аубакенова Г. Б, Ердаулетова Н С. Мықтыбекова С. Ш.
Жауапты мұғалімдер : Аубакенова Г. Б, Ердаулетова Н С. Мықтыбекова С. Ш.