Мерейлі білім ордасы » Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-34
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-12-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2020

Мерейлі білім ордасы

Мерейлі білім ордасы

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. 

Н.Ә. Назарбаев

            Келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен  халқын гүлдентер, мейірін   өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті білім ордасы – мектеп. Ал сол мектептің жүрегі – білімді де, білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың   қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі    жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам. Біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік. Білім ордасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар ұжымы мен білімді жас мұғалімдер де көптеп саналады. Соның нәтижесінде мектеп аудан арасында үлкен бедел мен абыройға ие болып отыр. Биылғы 2018-2019 оқу жылы біздің мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді оқушылары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, ұжым абыройын асқақтатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана халқымыз айтқандай, осы орайда ұжымымдағы ұстаздардың жетістіктерін атап өтуді жөн көрдім.  

           Мәскеу қаласында өткен Халықаралық орыс тілі байқауының «Знатоки русского языка, историй и культуры России» атты номинациясы бойынша белсене қатысқаны үшін 8-сынып оқушысы Унербаева Тамила Сертификатпен марапатталып, жетекшісі Т.В.Кузнецова белсене қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды. «Изобразительное искусство и прикладное творчество» номинациясы бойынша белсене қатысқандары үшін 11-сынып оқушысы Абузярова Аида, 9-сынып оқушысы Бондаренко Максим, 9-сынып оқушысы Давлетгильдеева Зарина Сертификатпен марапатталса, жетекшісі Е.Н.Кузнецова белсене қатысқаны үшін Дипломмен марапатталып, Халықаралық Пушкин фестивалінің лауреаты атанды. Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында бақ сынасқан Әбдіқожа Мерей 44 кг салмақта файтинг II орын, не-ваза III орынды иеленсе, Базарбек Ділнұр 63 кг салмақта файтинг I орын, не-ваза I орынды иеленіп, Греция елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

             2019 жылы 13-16 ақпан аралығында Қазақстанның оңтүстік астанасы –  Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық орталығында «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа еліміздің барлық аймақтарынан 19 секциядан 625 жоба бойынша үздік оқушылар қатысты. Алматы облысының командасынан 21 ғылыми жобалар бойынша 28 оқушы қатысып, оның ішінде 13 оқушы жеңімпаз атанды. Сарқан ауданынан Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Узбекова Саяжан аудандық, облыстық конкурстың жеңімпазы атанып, Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық жобалар конкурсының қазақ тілі пәні бойынша III дәрежелі Дипломмен марапатталды, жетекшісі – А.С.Исыпқали. Облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық жобалар конкурсының математика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Жеңіс Ернұр I дәрежелі Дипломмен марапатталды, жетекшісі – З.К.Есеркеева. Аудандық «Дарын» ғылыми-практикалық жобалар конкурсының орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Ханаткан Аружан I орын алды, жетекшісі – Ж.К.Ноғайбаева. 

          Аудандық пән олимпиадасында 13 оқушының 5 оқушысы облыстық пән олимпиадасына жолдама алды. Облыстық қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Сивак Юрий III дәрежелі Диплом, жетекшісі – Г.Б.Аубакенова, физика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Мукашев Жәнібек III дәрежелі Диплом, жетекшісі – Н.С.Калибеков, химия пәні бойынша 9-сынып оқушысы Рамазан Аякөз III дәрежелі Диплом, жетекшісі – М.Дакеева. Облыстық пән олимпиадасына белсене қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталған оқушылар қатарында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Чеснова Анна, жетекшісі – Т.И. Войкина. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-сынып оқушысы Райымбек Айдана, жетекшісі – Б.Манен. Облыстық Әбіш оқуларына белсене қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Тоқжігіт Мерей Алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі – Е.М.Алиева. 

           Аудандық КҒА ғылыми-практикалық жобасы бойынша 10-сынып оқушысы Кузнецов Дмитрий химия пәнінен I орын, жетекшісі – Л.В.Воеводина. 8-сынып оқушысы Унербаева Тамила орыс тілі мен әдебиеті пәнінен I орын, жетекшісі – Т.В.Кузнецова. 10-сынып оқушысы Қалибай Муслима орыс тілі мен әдебиеті пәнінен II орын, жетекшісі – А.А.Мадиева. 9-сынып оқушысы Құсайын Айгерім география пәнінен II орын, жетекшісі – А.С.Нургалиева. 

             Аудандық «Зерде» ғылыми-практикалық жобасы бойынша 3-сынып оқушысы Аймурзин Тимофей «География» секциясы бойынша I орын, жетекшісі – Г.С.Сыбанова, 7-сынып оқушысы Қосылхан Айерке «Орыс тілі» секциясы бойынша I орын, жетекшісі – Г.К.Бекова, 7-сынып оқушысы Скрылева Анастасия «Химия» секциясы бойынша II орын, жетекшісі – Л.В.Воеводина, 7-сынып оқушысы Жүнісов Дәулет «Математика» секциясы бойынша II орын, жетекшісі – Г.М.Байсалбаева, 3-сынып оқушысы Андрейчук Надежда «Биология» секциясы бойынша III орын, жетекшісі – Г.С.Сыбанова, 3-сынып оқушысы Сапаргалиева Камила «Биология» секциясы бойынша III орын, жетекшісі – Н.Б.Назикен, 4-сынып оқушысы Мартынова Виктория «География» секциясы бойынша III орын, жетекшісі –Р.З.Дюсембекова.

           Аудандық қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Жазушы» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Русланова Қарақат Бас жүлдені иеленді, жетекшісі – И.А.Дүйсенхан, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша I орын 7-сынып оқушысы Молжігіт Ислам, жетекшісі – Б.К.Абиева, «Тілші-әдебиетші» номинациясы бойынша II орын 11-сынып оқушысы Непомящий Юрий, жетекшісі – Г.Б.Аубакенова, «Жас ғалым» номинациясы бойынша III орын 11-сынып оқушысы Разбек Алтынай, жетекшісі – А.С.Исыпқали. 

            Республикалық «Дала сазы», «Ғұмырдария», «Нұрлы жастар», «Бейбітшілік әлемі» атты республикалық байқауларына Н.С.Кабдешова, Т.Г.Нокабекова, О.З.Шабденова, Л.С.Турганова, А.Ж.Байдырахымова, А.М.Санкайбаева, С.Ж.Зырманова, Н.Б.Назикен, А.А.Шопатова, Б.К.Абиева бірқатар дарынды шәкірттерін дайындап, білім жолында қашанда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар деп білемін.

           Мұғалім - үздіксіз ізденуші. Келешек ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін жадынан шығармай, шығармашылықты өрістету жолында, өркениет шыңына ілгері басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, артып келеді. Сол ізденімпаз ұстаздарымыздың қатарында А.Б.Тукушева Облыстық «Жаңартылған бағдарлама бойынша инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты педагогикалық оқуларға қатысып,  «Мектепалды даярлық» секциясы бойынша I дәрежелі Дипломмен, жас маман   А.Ж.Байдырахымова Облыстық «Жаңартылған бағдарлама бойынша инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты педагогикалық оқулардың «Бастауыш сынып» секциясы бойынша «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен марапатталды. Е.Н.Кузнецова Облыстық «Жыл мұғалімі -2018» байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен, жас маман И.А.Дүйсенхан Облыстық жас мамандар слетінің «Көркемсөз оқу» номинациясының III дәрежелі Дипломын иеленді. Н.С.Кабдешова «Қазіргі білім беру: әдістеме, технология, сапа» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып Сертификатпен марапатталды. Биология пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Қожахмет Облыстық деңгейде онлайн ашық сабақ өткізсе, физика пәнінің мұғалімі Н.С.Калибеков Облыстық «Физика, математика, информатика» пәндері бойынша өткізілген байқауға қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына сәйкес «2019 жыл – жастар жылы» деп жариялануына орай аудандық білім беру мекемелерінің жас ұстаздары арасында өткен дебатта Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің «Жалын» тобы I орынмен марапатталды. Топ мүшелері: И.А.Дүйсенхан, А.Е.Калимолданова. 

            «Шәкірт шәкірт емес, ұстазын сүймесе, ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе»  деген қазақтың ұлы педагогі Ы.Алтынсарин. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейту жолында оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Иә, шәкірт сүйген, шәкірті үшін күйген ұстаздар қатары мол.

             «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғой ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз. Осы орайда менің ұжымымның жоғарыда аталған әрбір ұстазы – оқушыларының бойындағы білімге деген құштарлықтан туған шырақты жалынға айналдыра білген нағыз еңбекқор жандар деп білемін, себебі ұстаздардың ойы озық, шығармашылығы шырқау, білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытудан танған емес.

              Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…»  деген екен. Шынында да, бар күш-қайратын, терең де телегей білімдерін шәкірттеріне арнаған ұстаздар қауымына берілген бұдан артық баға болмас. Бала тәрбиесі әрқашанда баршамыздың басты назарымызда, себебі кемелденген келешегіміздің тұтқасы – жастардың , жеткіншек ұрпақтың қолында. Осы орайда өзім қызмет жасайтын мектеп ұжымымдағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт, мектеп-лицейінің ата-аналар қауымына мықты денсаулық, толағай табыстар тілеймін!

Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық

мектеп-лицейінің директоры К.К.Мукашева



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив