"Ер баланың тәрбиесі, ең басты"
Парасат ұлдар ұйымы Шаңырақтың иесі деп қазақ ұлының бос белбеу боп өсуіне жол бермеген. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма