Балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері » Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-34
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-12-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2022

Балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері

Балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері
Балық аулау демалыстың керемет түрі, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті. Шағын көлемді кемелер немесе қайықтармен балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескектерінің және олардың бекіткіштерінің, сонымен қатар құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап қарап алу қажет. Қайыққа отыруды аса сақтықпен жүргізу қажет. Ортасынан басып, отырғышқа бірқалыпты отыру керек. Шағын көлемді кемелердің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екіншісіне отыруға, қайықты шайқауға, одан суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тиым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді кемелер мен қайықтармен балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:
1. Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орыны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс.
2.Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу.
3.Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тиым салынады.
4. Қайықтың жарамдығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау.
5. Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
6. Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.
Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары ТЖБ қызметкерлері ескертеді! Су айдындарында, өзен мен көлдерде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Қандай да бір төтенше жағдай орын алса «101» немесе «112» телефон нөмеріне хабарласыңыздар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив