"111" Шұғыл қызмет сенім телефоны арқылы құқықтық және психологиялық
ҚазInformation - «111» сенім телефоны арқылы 111 қазақстандық бала құтқарылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Бүкіләлемдік балалар күніне орай ұйымдастырылған халықаралық конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазInformation» ХАА тілшісі. «Менің әріптестерім - Парламент депутаттары мен Үкіметтің қолдауы арқасында «111» сенім телефоны жұмысын бастады. Осы аралықта біз көптеген балаларға қол ұшымызды создық.