18 Наурыз – Ұлттық киім күні! Бұл күн – қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған мереке. Бұл күнде халық ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға атсалысады. Қазақтың шапан, камзол, сәукеле, тымақ, тақия сияқты ұлттық киімдері халықтың тарихы мен тұрмысынан сыр шертеді.