10
октябрь
2024
«Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі»
Мектеп-лицейінде «Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-10 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп психологтары мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді.