09
октябрь
2024
«Тұмаудың алдын алу»
Мектеп-лицейінде 9 қазан күні «Тұмаудың алдын алу» туралы мектеп медбикесі Науменко Кристина Александровна тақырып бойынша 5-11 сыныптар арасында хабарлама жасады. Онда тұмау тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар)тыныс жолының кілегей қабығында өсіп- өнеді, мұрынның шырышты қабықтарын зақымдайды, қанға сіңіп жалпы организмді уландыра бастайды. Тұмау қалай жұғады,оның белгілері туралы дәрігерлік кеңестер берді. Мұндағы мақсат оқушылардың қазіргі кезде жеке тазалығын сақтап,дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру болды. Оқушылар сұрақ арқылы пікір алмасты. Мектеп медбикесі тұмау туралы таныстырылымды түсіндіріп өтті.