Мұхамеджан Тынышбаевты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир » Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-34
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-12-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхамеджан Тынышбаевты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир
21
май
2024

Мұхамеджан Тынышбаевты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир

21 мамыр күні Сарқан ауданында 7-8 сынып оқушылары арасында қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы Мұхамеджан Тынышбаевты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өткізілді. Осы жарыста мектебіміздің мақтанышы, волейболшы қыздарымыз, Нурланқызы Жәния, Жәрдемқызы Қарлығаш, Асқарқызы Шынар, Серікқызы Керім, Қадырсейт Альмира, Мейіржанқызы Зәйнаб, Жансейт Нурай, Болатқызы Зере шаршы алаңда топтық жүйе бойынша сайысқа түсті. Ең мықтылар қатысқан ойындағы керемет доп алмасулар, ойластырылған комбинациялар, дәл соққылар көрермендерді таң қалдырды. Жарыс шиеленісті әрі қызықты өтті. Біздің қыздар жарыс барысында тамаша ойын үлгісін көрсетті, өз шеберліктерін таныту нәтижесінде 12 команданың ішінен жүлделі І орынға ие болды. "Үздік байланыстырушы" номинациясымен Мейіржанқызы Зәйнаб марапатталды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💐🏐🥇🏆🇰🇿🇰🇿
Жаттықтырушысы: Кабасов Б.М.


 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив