Құрметті ата-аналар! Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! » Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-34
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-12-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2024

Құрметті ата-аналар! Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!


Құрметті ата-аналар!
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! 
 
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн  – өмірлеріңіздің ең маңызды қадамы!
Ұясынан түлеп ұшқан әрқайсыңыздың алға қойған биік мақсаттарыңыз орындалып, үкілі үміттеріңіз ақтала берсін!
Жыл сайын дәстүрлі «25 мамыр – Соңғы қоңырау күні»  мерекесі барлық мектеп бітіруші түлектер үшін тойланып келді.
Өздеріңізге белгілі мектеп бітіруші түлектер дәл осы күні ерекше толқыныс пен ата-аналардың қатысуымен барынша кең көлемде іс шаралар ұйымдастырып, қымбат көліктер мен салтанатты тойханалар мен мейрамханаларда той тойлауды үрдіске айналдырғаны белгілі.
Дегенмен, осындай барынша жарқыраған той тойлаудың соңы өкінішке қарай түрлі қайғылы оқиғаларға ұласып жатты...Он екіде бір гүлі ашылмай жол апатына ұшыраған түлектер қазасы жылда кездесіп жатады.
 Сондықтан да, Абай Құнанбаев айтқандай, «Бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Ысырап, бекер мал шашпақ...»  деген терең философиялық ой түйінін келтірген үлкен сабақ...  
Сонымен бірге елімізде осы жылы орын алған су тасқынына байланысты төтенше жағдайға байланысты  өңірлердегі құрбыларымыздың көңіліне қарап, біз бірлігіміз бен ынтымағымыз арқылы мейірімділік қасиетін де көрсеткеніміз жөн...
Биылғы оқу жылында осы мерекені ерекше атап өту, креативті форматта ұйымдастыру қолға алынып отыр.
Бір күндік іс-шараны қолдағы барды шашып, дүркіретіп тойлағаннан бөлек, алтын ұя мектептің қабырғасында ыстық естеліктермен бөлісіп, өзгеше форматта өткізу әлдеқайда тиімдірек шығар...
Сіздер Қазақстанның жарқын болашағысыздар! Қалаған мамандықтарыңыздың кәсіби тұлғасына айналып, «сен де бір кірпіш дүниеден, кетігін тауып қалану үшін» өз орындарыңызды тапсаңыздар, ата-ана үшін де, ұстаздарыңыз үшін де зор қуаныш!
Құрметті ата-ана! Әрине, әр ана мен әке үшін өз баласының жаңа өмірге қадам басқаны ең бақытты сәттің бірі.  
Балаларымыздың абыройлы, парасатты, салмақты, беделді және адал да әділ, еңбекқор азамат ретінде тұлға болып қалыптасуына бірлесе атсалысайық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Саналы ұрпағымызбен мың жасайық!
 
Ізгі ниетпен,
ҚР Оқу ағарту министрлігі
Тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры
Меруерт Асқарбекқызы.

Уважаемые родители!
Дорогие выпускники!
 
От всей души поздравляем вас с окончанием учебного года!
Этот день-самый важный шаг в вашей жизни!
Пусть сбудутся высокие цели каждого из вас, кто вылетел из гнезда, и ваши надежды оправдаются!
Каждый год традиционный праздник «25 мая – день Последнего звонка " отмечался для всех выпускников школ.
Как известно,в прошлом именно в этот день выпускники школы организовывали самые масштабные мероприятия с участием родителей , превратив дорогие автомобили и торжественные застолья в тренды.
Тем не менее, окончание года , к сожалению, переросло в столь яркое торжество которое приводит к различным трагическим последствиям. В двенадцатом году выпускники, попавшие в дорожно-транспортное происшествие погибли.
Вместе с тем, в связи с чрезвычайной ситуацией в связи с паводками в нашей стране, мы должны проявить доброту и милосердие.
В этом учебном году планируется отметить этот праздник в креативном формате.
Возможно, гораздо выгоднее провести однодневное мероприятие в другом формате, поделившись горячими воспоминаниями в стенах школы "золотого гнезда".
Вы-светлое будущее Казахстана! Станьте профессионалом желаемой профессии и найдите свое место, чтобы стать огромной радостью как для родителей, так и для учителей!
Уважаемые родители!
Давайте вместе примем участие в становлении наших детей как достойных, порядочных, взвешенных, авторитетных и честных, справедливых, трудолюбивых граждан!
 
 
С доброй волей,
Министерство просвещения РК
Директор департамента воспитания и дополнительного образования
Меруерт Аскарбековна
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив