Шаңырақтың иесі деп қазақ ұлының бос белбеу боп өсуіне жол бермеген. Кез келген отбасы ұл баланың дүниеге келуін асыға күтеді. Өйткені қызды қонақ, ұлды ұрпақ жалғастырушы деп санайды. Сондықтан тілі шығып, тәй-тәй басқан сәтінен бастап, ұл баланы әке өз тәрбиесіне алған. Болашақ шаңырақ иесіне өз ісімен үлгі болып, баланың сегіз қырлы, бір сырлы болып ер жетуіне барын салған. Соның бірі әке тәрбиесін көріп өсіп келе жатқан, ат бауырында төзімділікті үйреніп өмірдің сынақтарына шынығып келе жатқан ел азаматы Темірхан Дамирды мақтан етеміз, армандарыңа жет, қанатың талмасын, биік белестерді бағындырар Қазақ елінің мақтанышы болатыныңа сенеміз.