01
октябрь
2023
«Қарты бар ел – қазыналы ел»
"Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз" демекші 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. «Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, қарттарымыз біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың бұлағы. Осы бағытта оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары мектеп-лицейіміздің ардагер ұстаздары үйіне барып, атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, өздерінің жылы тілектерін білдірді.