22
сентябрь
2023
«Түнгі қаладағы балалар»
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша білім алушылардың «Түнгі қаладағы балалар». Жастарды тәрбиелеу мектеп пен мекемелердің ғана емес, ата-ананың да міндеті болып табылады. Жеткіншектердің бос уақыты көп болған сайын жаман нәрселерге әуес болады. Қадағалаусыздық, түнгі уақытта беймезгіл жүру еліктегіш балаларды қылмысқа итермелейді. Осы мақсатта, Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен Сарқан аудандық прокуратурасы, кәмелетке толмағандар істері және мектебіміздің "Қамқор әке" ұйымының екі мүшелері қатысуымен «Түнгі балалар» атты рейдтік іс-шара жүргізілді. Жүргізілген рейдтік іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар, оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерге және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды. Кезекті рейдті өткізу кезінде құқықбұзушылық орын алған жоқ, қала ішінде бос жүрген , көше кезгее оқушыларымыз анықталған жоқ . Ақпарат тиісті орынға уақытылы берілді.