13
апрель
2023
"Қызғалдақ" қыздар ұйымының жұмыс барысы.

Жаңа ғасырдағы жаңалықты қабылдау керек деп, шетелден немесе ғаламтордан көргеннің бәрін талғаусыз қабылдағаннан ұрпақ ұтылады, ұлт әлсірейді. Көргеннің көзін сүріндіретін ашық-шашық киінуден аулақ, заман ағымына лайық жарасымды киініп, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтағаннан қыздарымыздың қадірі арта түспесе кемімейді. «Қыз – өрісің, ұл – қонысың» деп білген қазақ өрісін кеңейтетін қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қызың мінезді болсын, ұлың өнерлі болсын» дейтін халық «Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді» деп, қызды үй шаруасына үйреткенмен, оны күңше қажытпаған.
«Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» дейтін қазақ қыздың жақсы болмағы анасынан екеніне баса мән бергендіктен, «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без» деп қыздың әдептісін іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп білетін қазақ «Қызы үйде болғанмен, қылығы түзде» екенін де назардан тыс қалдырмаған.Қазіргі отбасылардың басым көпшілігінде 1-2 ғана бала болғандықтан, кейбір ата-аналар баланы материалдық тұрғыдан «тойындырып», тоғышар ұрпақ тәрбиелеп жатқанына мәз... «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» екені мәлім, сондықтан ата-ана сол жалғыздың асты-үстіне түсіп, қалағанын әперіп, дегенін орындап отырады. Ата-бабаларымыз бұның жауабын «Балам жалғыз деп асқа үйретпе, ботам жалғыз деп отқа үйретпе», яғни дұрыс тәрбие бер деп айтып кеткен.
«Алып анадан» деген нақылдың тамыры тереңде жатыр,қыздарымыз саналы болмай, ұрпағымыз сапалы болмайды. Бүгінгі бойжеткен, келешек ана қоғамнан өз орнын тауып, отбасының құт-берекесін кіргізетін аяулы жар болуы үшін имандылыққа баулып, дәстүрлі тәрбие беру – ата-ананың парызы, қоғамның міндеті.