01
март
2023
1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шақыруы бойынша 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
Бүгінгі таңда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) - бұл азаматтық қорғаныс пен халықты халықаралық деңгейде қорғау саласында маманданған және Еуропа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіретін жалғыз халықаралық үкіметаралық ұйым. «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген соң 1997 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан ХАҚҰ-ның толық құқықты мүшесі болып табылады.
ХАҚҰ-ның негізгі мақсаттары азаматтық қорғау құрылымдарын құруға және күшейтуге жәрдемдесу, техникалық және консультациялық көмек көрсету, азаматтық қорғау қызметтері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, мүше мемлекеттер арасында озық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, ХАҚҰ апат болған жағдайда халықаралық өзара іс – қимылдың тиімділігін арттыру үшін ТЖ-дағы іс-қимылдарды басқару тәжірибесін қорыту, мүше мемлекеттердің ұлттық азаматтық қорғау қызметтерін халықаралық деңгейде біріктіру және ұсыну, азаматтық халықты қорғауға және оған көмек көрсетуге қатысты бөлігінде халықаралық гуманитарлық құқықты тарату жөнінде жұмыстар жүргізеді.
ҚР ТЖМ еліміздің балалары мен қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді.
Республика бойынша барлық жерде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, жаттығулар, байқаулар өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде мектептерде және балабақшаларда тақырыптық сынып сағаттары, ашық сабақтар мен дәрістер өткізілді, ТЖ департаменттерінің жеке құрамы үгіт материалдарын, ақпараттық, оқыту және профилактикалық сипаттағы тұрғын үй секторын аралап шықты.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Жалпы Қазақстан Республикасы мен ХАҚҰ ынтымақтастығы XXI ғасырдың сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне әзірлікті жетілдіру және ден қою салас