"Мектепке жол"акция аясында мектепішілік жәрмеңке
Мектебімізде 15.08.2025 ж "Мектепке жол"акция аясында мектепішілік жәрмеңке өтті. Тұрақты кәсіпкер демеушілерімізбен, мектебіміздің ұстаздары ат салысып, оқушылардың мектепке бару дайындығына барлық мүмкіндігінше қолғабыс көрсетті. Атап айтқанда оқушыларға мектеп формасы, аяқ киім, мектеп сөмкесі, мектеп құралдарымен таңдауларынша қамтылды. Барлық демеушілерге Алланың рахметі жаусын дей отырып, отбастарына бақыт, дендеріңізге саулық, істеріңізге береке берсін деп тілейміз. Мектеп әкімшілігі.